Связка ключей

Сіздің деректеріңіз бен қаржыңызды қорғау — бірінші кезектегі міндет

Жеке деректеріңізді қорғау және сайтты қауіпсіз пайдалану үшін төменде көрсетілген ақпараттық қауіпсіздік шараларын орындауыңызды сұраймыз.

  • Деректерді ешкімге бермеңіз

    Аккаунтыңыздың қауіпсіздігі үшін логиндеріңізді, құпия сөздеріңізді және растау кодтарын ешкімге бермеңіз.

  • Қауіпсіз құпиясөздерді қолданыңыз

    Сенімді құпия сөздерді қолданыңыз және оларды тұрақты түрде жаңартып отырыңыз.

  • Сайттың мекенжайын тексеріңіз

    Браузердегі мекенжайды тексеріп, сақтандыру брокерінің ресми сайтында екеніңізге көз жеткізіңіз.

  • Тек ресми сілтемелерді пайдаланыңыз

    Сілтемелерді тек ресми көздерден пайдаланыңыз — сақтандыру брокерінің сайтынан, SMS немесе расталған жіберушілерден келген электрондық хаттардан. Күмән туындаған жағдайда мекенжайдың дұрыстығын қолмен тексеріңіз немесе байланыс орталығына хабарласыңыз.

  • Жүйе мен қосымшаларды жаңартып отырыңыз

    Операциялық жүйе мен қосымшаларды, соның ішінде браузерлер мен мобильді қосымшаларды жаңартып отырыңыз — бұл осалдықты пайдалану тәуекелін азайтып, деректеріңіздің қауіпсіздігін арттырады.

  • Жұмыстан кейін аккаунттан шығыңыз

    Жеке кабинетте жұмысыңызды аяқтағаннан кейін жүйеден шығып кеткеніңізге көз жеткізіңіз, әсіресе қоғамдық немесе басқа адамдар пайдаланатын құрылғыларда.

Сіздің сақтық шараларыңыз деректеріңізді қорғауға көмектеседі!

«Tumar» СБ» ЖШС клиенттерден телефон, электрондық пошта немесе мессенджер арқылы құпия ақпарат (логин, құпия сөз, CVV-код, PIN-код) сұрамайды.

Егер сіз алаяқтықтың болуы мүмкіндігінен күмәндансаңыз немесе күдікті әрекетті байқасаңыз, сондай-ақ осалдықты тапсаңыз, дереу бізбен байланыс орталығы арқылы байланысыңыз немесе info@tumar.finance мекенжайына хабарласыңыз.